in

Шымкенттің шырайы кіріп келеді

Табиғатты аялау – әр азаматтың борышы екенін ұғындырған бұл игі бастамаға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков те белсене қатысып, тұрғындармен бірге «Астана» шағынау­данында көшет отырғызды. Жаңа егілген ағаштар мегаполистің жасыл келбетін толықтырып қана қоймай, қала тұрғындары мен қонақтарына жайлы экологиялық орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Іс-шара барысында мегаполис басшысы табиғатты қорғау мен қо­ғамның бірлігін нығайтуға ба­ғыт­талған мұндай акциялардың маңызына ерекше тоқталды. «Ағаш отырғызу – болашақ ұрпақ­қа жасалған қамқорлық. Мұн­дай шаралар қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттырып, қо­ғам­ның ауызбіршілігін күшейтеді. Әр­бір тұрғын өз қаласының та­за­лы­ғы мен көркеюіне үлес қосуы тиіс», – деді қала басшысы  Ғабит Сыз­дықбеков.

Күзгі көгалдандыру маусымы ая­сында Шымкенттің орталық кө­шелерінде, саябақтар мен гүл­зар­ларда, сондай-ақ тұрғын үй ау­лаларында ағаш отырғызу жұ­мыс­тары жүйелі түрде жүргізілуде. Бұл шаралар қаланың жасыл инф­рақұрылымын дамытуға жә­не тұрғындардың өмір сапасын арт­тыруға бағытталған.

Экологиялық акция аясында іш­кі саясат және жастар істері жө­ніндегі басқармасының ма­ман­дары да сенбілікке белсене қа­тысып, Кутузов көшесі бойын­дағы (М.Қалмырзаев көшесінен М.Төлебаев көшесіне дейінгі ара­­лықта) ирригациялық арықтар мен аяқжолдарды қоқыстан та­зарт­ты. Сондай-ақ мекеме қыз­мет­­керлері өздеріне бекітілген ау­­мақтарды ретке келтіріп, қала­ның көркін арттыруға үлес қосты. Өңірлік коммуникациялар қыз­ме­ті ұжымы да тазалық шарасына қо­­сылып, Т.Айбергенов кө­ше­сі­нің бойында ирригациялық арық­тарды, тұрғын үй аулалары мен жолдарды тұрмыстық қал­дық­тан арылтты. Ал «Жастар ре­­сурстық ор­­талығы» КММ қыз­мет­керлері Ең­бекші ауданы ау­мағында сен­білік ұйымдастырып, қоршаған орта­ның тазалығы үшін аянбай еңбек етті. 

Шымкент қаласының қала­лық жайлы ортаны дамыту бас­қар­масының мәліметінше, өткен жал­пы қалалық сенбілікке қала­да­ғы 470 мекемеден 38 мың қыз­мет­кер, сондай-ақ 83 мың тұрғын қа­тысқан. Барлығы 127 мыңнан астам адам экологиялық тазалық жұмыстарына жұмылдырылған. Сен­білік барысында 195 арнайы тех­ника тартылып, 312 тоннадан ас­там тұрмыстық және құрылыс қал­дықтары шығарылды. Ау­дан­дық көрсеткіштер бойынша, Абай ауданы – 24 800 адам, 36 тех­ника, 64 тонна қоқыс, Әл-Фа­раби ауданы – 26 400 адам, 42 тех­ника, 60 тонна қоқыс, Еңбекші ау­даны – 24 500 адам, 38 техника, 64 тонна қоқыс, Қаратау ауданы – 25 200 адам, 39 техника, 61 тонна қо­қыс, Тұран ауданы – 26 100 адам, 40 техника, 62 тонна қоқыс шы­ғарылған.

Қала бойынша 470 мекемеден жұ­мылдырылған 38 мың адам бойын­ша зерделейтін болсақ, ден­саулық сақтау басқармасына қа­расты 58 мекемеде жұмыс іс­тей­тін 17 220 қызметкердің 8 мың­нан астамы өз аумақтарын тазалауға қатысты. Мәдениет, тіл­дерді дамыту және архивтер бас­­­қармасының 22 мекемесінен 3 058 қызметкер және қоғам бел­сенділері қатысып, жалпы 5 мың­нан астам адам сенбілікке шықты. Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасынан 14 мекеме­ден 620 қызметкер белсенділік та­нытты. Кәсіпкерлік және ин­дуст­риалды-инновациялық даму басқармасынан өткен сенбілікте 19 мың адам қатысқан болса, бұл аптада олардың қатарына тағы 7 мыңнан астам қызметкер қо­сыл­ды. Ал аумақтық департа­мент­тер­ден 34 мекемеден 680-ге жуық адам тазалық жұмыстарына шық­ты.

Жалпы алғанда, мегаполистегі сен­білік жұмыстары Шымкент тұр­ғындарының бірлігін айшық­тап, бұл акция табиғатты қорғауға, экологиялық мәдениетті нығай­туға және қаланың көркем кел­бе­тін арттыруға бағытталған нақты қадамға айналды.

Назгүл НАЗАРБЕК,

Шымкент қаласы