in

Шулықтарды шошытқан шу

Бәрі қарапайым кикілжіңнен бас­талғанымен, соңы аянышты аяқ­талып отыр. Сонда тәртіп сақ­шы­сының жаралануы мен жазық­сыз жанның зорлық көруіне кім кі­нәлі? Ұсталған күдікті ме? Әлде осы қылмысқа итермеледі делінген бұрынғы полицей ме?

Оқиға желісін басынан баста­сақ, бұрын бірнеше рет сотты бол­ған Шу ауданының тұрғыны Замир Ах­медов кейінгі жазасын өтеп шық­қаннан кейін бұрынғы поли­ция қызметкерінен кек алмаққа ке­леді. Оның ойынша, тәртіп сақ­шысының кесірінен өмірі тас-тал­қан болған екен. Алайда күдікті по­­­­лицейдің үйіне келгенде оны та­ба алмайды. Бірақ есіктен шық­қан әйелді байқап қалады. Содан Ах­медов көлігі бұзылып қалғанын ай­тып, әлгі әйелге жеткізіп тас­тау­ды сұрайды. Бұл әйел күдікті іздеп кел­ген тәртіп сақшысының қа­рын­дасы еді. Оның сеніміне кірген Ахмедов «қоңырау шалып алайын» деп оның телефонын да алып қояды. Кейіннен, жәбірленушінің басына травматикалық тапанша та­қап, қаланың оқшалау шеткі ай­ма­ғына баруға күштейді. Осы жер­де жәбірленушіге ағасына қоңы­рау шалып, шақыруды тапсырады. Қо­рыққан әйел күдіктінің айт­қа­нын бұлжытпай орындап, ағасын «көлік апатына ұшырадым» деп ал­дап шақырғанымен, ол басқа қа­лада екенін айтып келе алмайды. Алайда Шу қаласында үш-төрт сағаттан кейін болатынын, оған дейін орнына тағы бір бауыры ба­ра­тынын жеткізеді. Осы екі ара­лық­та Ахмедов ашуға булығып, жә­бірленушіні күштеп жыныстық қа­тынасқа жығады. Кезенген та­пан­шадан әбден үрейленген әйел кү­діктінің барлық айтқанын іс­теу­ге мәжбүр болады. 

Осы мезетте «жол апатына түс­тім» деген жерге жәбірленушінің екін­ші бауыры да жетеді. Алайда ол қарындасын таба алмай, біраз уа­қыт іздейді. Содан жәбірлену­ші­нің көлігін бұзылған нысанның қа­сынан байқаған куәгер қор­қы­ныш­ты көріністің үстінен түседі. Бауы­рының ауыр хәлін көрген аға­сы тапанша ұстаған күдіктіге өзін кепілге алып, қарындасын бо­сатуды сұрайды. Әйелге ойына кел­генін істеп болған Ахмедов аға­сының айтқанына келісіп, соның кө­лігіне ауысады. Оны да тапа­­н­шамен қор­қытып, Шу қаласының орталығына жетіп алып, ізін суы­тады. 

Бұл кезде жәбірленушінің ағасы, бұрынғы полицейге оқи­ғаның толық нұсқасы жетпеген еді. Алайда қарындасына жасалған қас­тандықты естіген бауыры по­ли­ция бөліміне арыз түсіріп, толық құрам аяғына тік тұрады. Жедел із­дестіру шаралары барысында кү­дікті қала ішіндегі ойын авто­мат­тарының маңынан анықта­ла­ды. Осы жерде ұстау операциясы жүр­гізілгенімен, күдікті қарсылық та­нытып, тәртіп сақшыларына қар­сы оқ атады. Атыс кезінде тіпті бір полиция қызметкері жарала­на­ды. Десе де, күдікті дер кезінде ұс­талып, уақытша ұстау изоля­то­ры­на қамауға алынады. 

Тергеу барысында Ахмедов трав­матикалық қару қолданғанын мойындағанымен, әйелге еш­қан­дай зорлық көрсетпегенін алға тар­тыпты. Бірақ куәгерлердің сөз­дері толықтай тыңдалып, барлық ай­ғақ заттар зерттелуде. Егер кү­дік­тінің кінәсі дәлелденсе, оған 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы белгіленуі мүмкін.

Байқасаңыздар, жаға ұстатар­лық жағдай. Күдікті мен поли­цей­дің арасындағы кикілжіңнің ке­сірінен, жазықсыз адам жапа шегіп отыр. Адамды күштеп кепілде ұс­тау, зорлық пен суық қару қолдану, атыс пен жаралану, бәрі-бәрі шет­елдік кинолардан көретін дү­ние еді. Енді міне, осындай жағдай ала­қандай моноқалада болуда. 

Негізі, бұл Шу ауданында бол­ған бірінші жағдай емес. Алдыңғы жы­лы бір топ бұзақы полиция қыз­меткерін сабап, көлігін айдап кет­кен болатын. Кешкі сап түзеу­ден қайтып келе жатқан тәртіп сақ­шысын жол жиегінде бір топ аза­мат тоқтатып, соққының ас­ты­на алған. Артынша, полицейдің қызметтік көлігін айдап кетіп, тал­ға соғып тастаған еді. Кейіннен, бел­гілі болғаны, полиция қыз­мет­кері мен күдіктілердің арасында өзін­дік есеп болыпты. 

Тағы бірде шулық тұрғындар тәр­тіп сақшылары есірткіні көлік­тері­не әдейі тастап, қылмыстық із қоз­ғайды деп шулаған болатын. Жи­­налғандар жапа шектірген по­лицейлердің есімдері мен шенде­рін де атап көрсетіп, жанайқай­ларын ашына жеткізген. Артынша, ауқымды тексеріс жүргізіліп, оқиға әйтеуір басылған. 

Бұл аз десеңіз, Шу ауданында по­лицейлер мен арнайы жасақ қыз­меткерлері атысқан. «Есірткі та­сымалдап жүр» деген күдікке ілін­ген полицейлерді арнайы жа­сақ мамандары ұстамақ болған. Алай­да күдіктілер өздерін тоқтат­пақ болғандарды көлікпен қағып, одан кейін қарудан бір-біріне оқ ата­ды. Нәтижесінде, екі адам жа­ра­қаттанып, бір полицей оқиға орнында көз жұмады. 

Байқап тұрсаңыздар, Шу ауда­нын­да полицейлерге қатысты шу көп. Және оқиғалардың дені есірт­кі шөбімен байланысты. Осы жағ­дай сананы сан-саққа жүгіртеді. Жо­ғарыда аталған күдікті Ахмедов бұ­рынғы тәртіп сақшысынан қан­дай кек алмақ болғаны әзірге бел­гісіз. Мұны енді тергеу амалдары анық­тай жатар. Алайда тұрғын­дар­дың қауіпсіздігіне жауапты деген по­лицейлердің өздері осындай шу­лы оқиғаларға ұшырап жатса, бұ­ның арты жақсылыққа апармай­тыны анық.

Саятхан САТЫЛҒАН,

Жамбыл облысы