in

«Шеңберден» шыққан шындық

Жақында Qalleki театр ла­бо­раториясы «Шеңбер» атты қойы­лым­ның премьерасын ұсынды. Бұл спектакль – Бертольд Брехт­тің әйгілі туындысына айналған «Кав­каздағы борлы шеңбер» пье­сасының желісіне негізделген эпи­калық драма. Зұлқарнай Са­қиұлының қазақ тіліне тәр­жі­малаған еңбегін режиссер Ұлан Қа­был сахналап, режиссерлік та­лантын тағы да бір мәрте паш ет­ті. Қойылымның жаңашыл­ды­ғы – оның эпикалық драма үлгі­сін­де болуы. Бір жағынан қазақ сах­насымен көрермендерге ың­ғай­­лана отырып түрленген. Екін­ші жағынан бастапқы мә­не­рін сақтауға тырысқан. Сонымен қа­тар Брехттің эпикалық үлгісі жаңғырғанын танытады.

«Шеңбер» қойылымының кө­рерменге жолдайтын ең басты ойы – әділдіктің шынайы бет­пер­десі жалған көзбояушылыққа емес, жүректен шыққан ақиқат се­зімге жақтасуында екенін та­ны­ту. Сондай-ақ туындының кө­­­­рер­мен­ге үстейтін мәні – ана болу тек туыстықпен емес, махаб­бат­пен және қамқорлықпен өлше­не­тін құнды сезім. Нағыз әділдік заң ережесін ғана емес, адам­дар­дың адамгершіліктерін назарға алады. 

«Шеңбер» қойылымын өзге қойы­лымдардан ерекшелейтін бір­неше артықшылық бар. Ең бі­­­ріншісі – қойылымның эпика­лық мәнері. Көрермен кейіпкер­лер­ге қатысты аяныш, жек көру, жақсы көру сезімдерін сезініп қа­­на қоймай, туындының аста­ры­на зер салады, ойланады. Екін­­шісі – философиялық те­рең­дік. Қойылымда ақ пен қара­ны бөлу жоқ, бұл шығарма желісінің жақ­сы­лық пен зұлымдық арасын­да­ғы классикалық қақтығыстардан айыр­машылығын аңғартады. Үшін­шісі – шеңбердің символ ре­тінде алынуы. Шеңбер таң­дау­дың, тағдырдың, шындықтың ме­­тафорасына айналады. Төр­тін­шісі – қойылымның заманауи өмір­­ге бейімделуі. Режиссер Ұлан Қа­был шығарманың бас­тап­­қы ру­хын сақтай отырып, қойы­лым­ды қазақстандық көрерменге тү­сі­нік­ті және өзекті етіп ұсы­на­ды. 

Қойылым оқиғасы соғыс уа­қы­тында өрбиді. Патша өлген соң, патшаның әйелі құнды мү­лік­терін алып, баласын тастап ке­те барады. Негізгі кейіпкер Гру­ша – мейірімді, батыр жан. Ол тастанды баланы өз панасына алып, оған туған анасы бермеген жылулық пен қамқорлықты, ма­хаб­батты береді. Екі ананың ор­тасында қалған баланың шы­найы анасы кім екенін бормен сы­зылған шеңбер арқылы анық­та­ған Аздак әділ соттың жар­шы­сын­дай көрінеді. Патшаның әйе­лі өзінің өзімшіл, дүниеқоңыз кел­бетінің қарымы ретінде ба­ласынан мәңгілікке айырылады. Өзі дүниеге алып келмесе де, шы­­­­­найы аналық сезімін көр­сет­кен Груша баланың нағыз анасы деп танылады. Бұл қойылымның сюжеті де Груша сынды батыр ана­ның баласы үшін отқа да, суға да түсетін жанкештілігін та­ны­ту­ға, тас құрсағын жарып шыққан бала­сынан безінген патшаның әйе­лі сынды аналардың без­бүй­рек­тігін көрсетуге негізделген. 

«Шеңбер» қойылымы ре­жис­сер Ұлан Қабылдың көпқырлы та­лантын, режиссер ретіндегі өзін­дік қолтаңбасын көрсетті. Эпи­калық театр дәстүріне сай ре­жиссер қойылымға музыкалық ком­позицияларды, сахналық ше­шімдер мен қосымша рек­ви­зит­терді үйлесімді енгізген. Бұл дү­ниелер көрерменге эмоц­ио­нал­ды әсер етуімен бірге оқиғаға сы­ни көзқараспен қарауға ша­қырады. 

Қорыта айтқанда, режиссер Ұлан Қабылдың «Шеңбер» қойы­лымы – терең ойлы, тәрбиелік мә­ні зор, адам болмысына үңіл­те­тін тың туынды. Бұл қойылым оқиғаны кейіпкерлер арқылы көр­кем баяндап қана қоймай, әлем­ге махаббат, мейірімділік, әділ­дік пен жанашырлық шең­бе­рінде қарауды үстейтін толым­ды шығарма. 

 

Сымбат КАМЕШОВА, Мақсұт Нәрікбаев атындағы университеттің 3-курс студенті