in

Украина Ресейдегі мұнай нысандарына шабуыл жасағанын мәлімдеді

Украина Қарулы күштері 18 сәуірге қараған түні Ресейдің мұнай өңдеу саласына қатысты төрт маңызды нысанға соққы жасағанын хабарлады. Самара облысындағы екі мұнай өңдеу зауыты, Ленинград облысындағы мұнай терминалы және Краснодар өлкесіндегі мұнай айдау станциясы зақымданған.

Украина Бас штабының мәліметінше, бұл нысандар Ресей армиясын қамтамасыз ету жүйесінде маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар, уақытша басып алынған аумақтарда жанармай сақтау орындары мен жөндеу бөлімшелеріне де соққы берілгені айтылды.

Ал Украина Қауіпсіздік қызметі Қырымда жүргізілген операция нәтижесінде үш әскери кеме мен байланыс жүйелеріне зақым келгенін мәлімдеді.