Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мысырда өткен жанама келіссөздер барысында қол жеткізілген Газа секторындағы қақтығысты тоқтату және тұтқынға алынған адамдарды босату туралы келісімді қолдайды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Мемлекет басшысы Мысыр, Қатар, Түркия елдерінің араағайындық қызметі табысты болғанын, сондай-ақ Таяу Шығыста бейбітшілік орнату жөніндегі келіссөздерге Президент Дональд Трамп бастаған АҚШ тарапының ерекше үлес қосқанын атап өтті.