Қазақстан мен Татарстанның халық әртісі, опера әншісі Нұржамал Үсенбаева отбасы жайлы айтты, – деп жазды Aikyn.kz.
Әнші Jibek Joly телеарнасындағы “Бүгін.Live” бағдарламасында тоғыз немересі бар екенін, бақытты әже екенін жеткізді.
“Біздің тоғыз немереміз бар. Мен жаман әже емеспін деп ойлаймын. Барлығына еркіндік бердік. Әрқайсысының өз отбасы бар. Сондықтан олар да еркін, біз де тыныш. Өйткені менің жолдасым Төлеген Мұхамеджанов екеуіміз – өнер адамымыз. Бізге шығармашылық атмосфера қажет. Түнгі он екіде рояльға отырып, әндерімді жаттап, шырқаймын. Маэстро да шабыттанса, жұмысын жалғастыра береді. Біз бір-бірімізге де, өзгелерге де кедергі келтірмейміз”, – деді әнші.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от JIBEK JOLY (@jibek_joly.tv)
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.