Бұл туралы Жоғарғы сот порталындағы сот кабинетінде жарияланған іс материалдарында көрсетілген. Қайрат Боранбаевтың әйелі Шолпан Боранбаева Алматыдағы әл-Фараби даңғылында орналасқан ортақ мүлік – үй-жай мен жер учаскесін бөлісу туралы талап арызбен сотқа жүгінген. Құжатта мүлік олардың ортақ меншігі болып саналатыны, сондықтан талапкер заттай үлестің 50 пайызын бөлісуді сұраған. Алайда істі сот талқылауына дайындау барысында бұл мүлік Астана қалалық сотының үкімімен мемлекет пайдасына тәркіленген еді. Сол себепті 1 шілде күні Медеу аудандық соты талап арыз қанағаттандырмады.
«Шолпан Боранбаеваның Қайрат Советайұлына заттай үлестің 50 пайызын бөлу жолымен ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлісу туралы талабын қанағаттандырудан бас тартылсын. Сот шешіміне апелляциялық шағымдар берілуі мүмкін», — делінген сот шешімінде.