in

Си Цзиньпин Трампқа қатаң талап қойды

Си Цзиньпин АҚШ-пен сауда келісімі үшін Тайваньға қатысты талап қойды, – деп хабарлайды Aikyn.kz 

The Wall Street Journal басылымының хабарлауынша, ҚХР төрағасы Си Цзиньпин АҚШ президенті Дональд Трамппен сауда келісімін жасауға шарт қойды. Ол Вашингтоннан Тайвань тәуелсіздігін қолдамайтыны туралы ресми мәлімдеме жасауды талап еткен.

Ақпарат көздерінің айтуынша, Бейжің сауда келіссөздерін АҚШ-қа қысым жасау құралы ретінде пайдаланбақ.

Бұған дейін Қытай қорғаныс министрі Дун Цзюнь Тайваньдағы сепаратистік күштердің тәуелсіздікке қол жеткізуіне Қытай әскерінің ешқашан жол бермейтінін мәлімдеген. Оның сөзінше, ҚХР халық-азаттық армиясы мұндай әрекеттерге тосқауыл қоятын қуатты күшке ие.