Украина Қарулы күштері соңғы апталарда қарсы шабуыл жасап, ресейліктер жазда алға шыққан бірқатар бағыттарда жағдайды өз пайдасына өзгертуде, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты УНИАН-ға сілтеме жасап.
Қарсы шабуыл операциясы барысында украин бөлімшелері Доброполье маңындағы Грузское және Веселое ауылдарын қайтарып алды. Әсіресе Веселое елді мекеніндегі ұрыстар қатты болған.
93-бригаданың майоры Евгений Лигерконың айтуынша, Ресейдің әрекеттері жүйесіз сипат алған:
«Оларда айқын жоспар жоқ, тек инерциямен қозғалып жатыр», — дейді ол.
Украина Қарулы күштерінің бас қолбасшысы Александр Сырский мәлім еткен дерекке сәйкес, 14 тамыздан бері украин әскері шамамен 330 шаршы шақырым аумақты азат еткен, оның 170 шақырымы қазір толық бақылауда.
Сырскийдің айтуынша, ресейліктер қазір ірі танк колонналарын сирек қолданады, оның орнына 4–6 адамнан тұратын шағын топтармен әрекет етеді. Алайда украин әскерлері дрон, артиллерия және брондытехника комбинациясын пайдаланып, қарсыластың шығынын арттыруда.
Президент Владимир Зеленский бұл операцияларды «үлкен жеңіс емес, бірақ біздің жеңілмегеніміздің дәлелі» деп бағалады.