in

Путин: Украинаға “Томагавк” зымырандарын жеткізу Ресей мен АҚШ қатынастарын бұзады

Ресей президенті Владимир Путин АҚШ-та өндірілетін алыс қашықтыққа ұшатын “Томагавк” зымырандарының Украинаны жеткізілуі Мәскеу мен Вашингтон арасындағы қатынастарды күйретуі мүмкін екенін айтты.

Бұл туралы ол «Валдай» халықаралық пікірталас клубының сессиясынан кейін «Россия» телеарнасының журналисі Павел Зарубинге берген сұхбатында мәлімдеді. Путиннің айтуынша, бұл қару-жарақ жүйелері жаңа, жоғары дәлдіктегі зымырандық технологияларды қамтиды және олардың жеткізілуі «қалыптаса бастаған оң үрдісті жояды».

РФ президенті сондай-ақ, мұндай шешім екі ел арасындағы қатынастарда жаңа және қауіпті кезеңнің басталуына алып келетінін ескертті.