in

Президент Qazaqstan Barysy Grand Slam халықаралық рейтингтік турниріне барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam халықаралық рейтингтік турниріне барды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Мемлекет басшысымен бірге сайысты Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) президенті Мариус Визер тамашалады.

Жарысқа әлемнің 36 елінен 300-ге жуық үздік спортшы қатысып жатыр. 

Олардың арасында дүние жүзінің үздік палуандары – Олимпиада ойындарының, әлем чемпионатының және құрлық біріншіліктерінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері бар. 

Еліміздің абыройын 53 спортшы қорғайды.