in

Петропавлда әлеуметтік желіде ұсақ бұзақылық жасаған блогер 10 тәулікке қамалды

Полиция Жалпыұлттық аза тұту күні әлеуметтік желіде тікелей эфир кезінде теріс қылық жасаған Петропавл қаласының 42 жастағы тұрғыны Ирина Антоненконы анықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Аталған факті бойынша полиция тексеру жүргізіп, тиісті материалдарды жинақтап, сотқа жолдады.

29 қыркүйекте сот әйелді ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 10 тәулік әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды.

Оқиғаға заңда белгіленген тәртіппен құқықтық баға берілді.