Актриса, блогер Мереке Қалбаева Аман Тасығанға берген сұхбатында отбасы туралы айтты, – деп жазды Аikyn.kz.
Ол күйеуімен сүйіп қосылғанын айтты. Алайда қазір отбасы үшін алаңдайтынын жасырмады.
«Отбасында баланс болу керек екен. Тұрмысқа шыққаныма жеті жыл болыпты. Арсен екеуіміз үйленгенде «ставка» тіккендер болды. «Екеуі бір ай ғана тұрады. Арсен басқа қызға кетеді» деп айтты. Тіпті анам да солай деді. Қазір отбасымызда реніш болып жатыр. Бірақ бұған «жаман жүріс, басқа біреумен сөйлесу» себеп емес. Бізде сенім бірінші тұрады. Мен шулатып, елдің алдында жүргенді жақсы көрсем, ол тыныштықты қалайды. Көп досымыз «Ажырасып кеттіңдер ме?» деп сұрап жатыр. Қазір ренжісіп қалдық. Мен өз ойлағанымды істегім келеді. Ал ол минусқа кіріп, тәуекелге барғысы келмейді. Мен қолымда жүз миллион болса, соны бірдемеге сала салып, үлкен тәуекелге барамын. Бірдеңені ойыма алсам, тез іске асыруым керек, сондаймын. Менің асығыстығым оны жалықтырып жіберді. Ал оның жайбасарлығы мені жалықтырды», – дейді әзілкеш.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.