in

Мадагаскар билігі елде төңкеріс әрекеті жасалды деп мәлімдеді

Мадагаскар президенті Андрий Раджолина елде «заңсыз күшпен билік тартып алуға» бағытталған әрекет жүріп жатқаны туралы мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Reuters мәліметінше, президент айтқанымен, растайтын нақты дәлелдерді ұсынбады.

Мемлекеттік ақпаратқа қарағанда, бүлікшілердің жақтастары қатарында бұрынғы төңкерістерге қатысқан элиталық  бөлімшесі бар делінеді. Олар президентке қарсы наразылық қозғалысына үн қосып, кейбір сарбаздарды бұйрықты орындамауға шақырған.

Қазіргі уақытта елде тұрақтылық сақталуы үшін күш құрылымдары әрекет жасап жатыр, бірақ саяси жағдай шиеленісе түскен.