Қазгидромет синоптиктері еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, 21 маусымда еліміздің басым бөлігінде күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін, жел соғады, кей жерлерде нөсер жаңбыр жауып, +35°С дейін ыстық болады.
Астанада кей уақытта найзағай ойнауы мүмкін, күндіз бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші 28 м/с дейін жетеді.
Ақмола облысында түнде, күндіз батыста, солтүстікте және шығыста найзағай ойнайды, бұршақ жауады, дауыл соғады. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші 28 м/с дейін жетеді. Көкшетауда күндіз найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін, жел 23 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында түнде қатты жаңбыр, найзағай ойнап, дауыл соғады. Күндіз бұршақ жауады. 28 м/с жылдамдықпен жел соғады. Оңтүстікте өрт қаупі жоғары. Петропавлда найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жаууы мүмкін, жел 20 м/с күшейеді.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде және шығысында найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады – түнде және күндіз екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде аса жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанайда кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін.
Қарағанды облысының батысында, шығысында және солтүстігінде найзағай ойнайды. Түнде шығыста, күндіз батыста, солтүстікте және шығыста дауыл соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде 23 м/с күшейеді. Қарағандыда найзағай ойнап, күндіз дауыл соғуы мүмкін, жел 20 м/с күшейеді. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысында түнде солтүстікте найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін, орталықта және шығыста найзағай ойнайды. Күндіз шығыста жел соғады, екпіні 23 м/с жетеді. Жезқазғанда түнде найзағай ойнап, күндіз жел 18 м/с күшейеді. Өңірде аса жоғары өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде және шығысында қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнап, дауыл тұрады, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 20 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодарда түнде нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел 20 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысында түнде солтүстікте және орталықта қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл соғады, бұршақ жаууы мүмкін. Жел 28 м/с дейін жетеді. Өскеменде күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін, жел 25 м/с-қа дейін жетеді. Жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
Абай облысында түнде шығыста және оңтүстікте найзағай ойнайды. Таңертең және күндіз батыста, солтүстікте және орталықта найзағай ойнап, дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін. Жел 28 м/с дейін жетеді. Күндіз оңтүстікте күн +35°С дейін ысиды. Төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде найзағай ойнап, бұршақ жауып, жел 25 м/с күшейеді.
Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде және орталығында күндіз найзағай ойнауы мүмкін, жел 20 м/с күшейеді. Өте жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде екпінді жел тұрады.
Атырау облысында түнде және күндіз найзағай ойнап, жел 20 м/с күшейеді. Орталықта төтенше, солтүстікте жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда түнде найзағай ойнайды, күндіз жел 18 м/с күшейеді.
Маңғыстау облысының солтүстігінде күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады – екпіні 18 м/с дейін жетеді. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде және шығысында жоғары, орталықта және солтүстік-шығыста төтенше өрт қаупі бар.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және шығысында күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін. 23 м/с жылдамдықпен жел соғады. Оралда күн күркіреп, бұршақ жауады, жел 20 м/с күшейеді.
Алматыда түнде — қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ. 18 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Алматы облысының оңтүстік жартысында түнде қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл соғады, бұршақ жауады. 28 м/с жылдамдықпен жел соғады. Күндізгі уақытта – +35 ° C дейін ыстық болады. Қонаевта найзағай ойнап, жел 28 м/с күшейеді, аптап ыстық +35°C. Өңірде аса жоғары өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысының шығысында түнде қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнап, бұршақ жауады. 28 м/с жылдамдықпен жел соғады. Күндізгі уақытта күн +35 ° C дейін ысиды. Облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында өте жоғары өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда +35°С ыстық болады, өрт қаупі бар.
Жамбыл облысының таулы аймақтарында түнде найзағай ойнайды. Жел 20 м/с дейін жетеді. Облыста өте жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда екпінді жел тұрады, төтенше өрт қаупі бар.
Түркістан облысында батыс және солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 20 м/с жетеді. Шымкент және Түркістан қалаларында өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының батысында күндіз шаңды дауыл соғады, жел 20 м/с күшейеді. Қызылордада өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.