Әнші Жазира Байырбекова әлеуметтік желідегі парақшасында ерекше жазба жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі әлдебір оқиғаны қысқаша баяндай келе, қазір күйеуі шұлықты қай жерге шешіп кетсе де ренжімейтінін жеткізген.
«Үйде күйеуінің шұлығы. Марқұм Бейғазының әйелі Гүлшат үйін жинап жүріп бірнеше жыл қозғалмаған шифонердің артынан өмірден өтіп кеткен күйеуінің шұлығын тауып алады. Отыра қалып (иісіне де, кіріне де қарамай) иіскеп, аңсап жылайды. Гүлшаттың осы әңгімесі мәңгі есімде қалып қойды. Содан бері күйеуім шұлықты қай жерге шешіп кетсе де ренжімейтін болдым», – деп жазды әнші. Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Жазира Байрбекова (@zhazira_bairbekova)
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.