Әнші Жеңіс Ысқақова «Keshrec» бағадрламасында берген сұхбатында отбасы жайлы айтты, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі жолдасы үнемі қолдау көрсетіп отыратынын жеткізді. Айтуынша, күйеуі мұғалім. Сонымен қатар спортпен де айналысады.
«Күйеуім маған ғана ән айтып береді, тек үйде. Ол – спортшы. 35 жыл сабақ беріп жүрді. Енді бозкілемге қайта оралды. Өзінің 60 жасына қарамастан, әлем чемпионатында қол жүлде алды. Күйеуіммен бірге жүрген ұнамайды. Үнемі тізгінімді тартып отырады. Бұл дұрыс. Өнер адамы болғандықтан, арқамыз бар. Кейде қатты күліп қоямыз дегендей. Сол кезде күйеуім басып отырады. Негізінде ол кісі қолымнан ешқашан қаққан емес. Концерт, түсірілім сиреп бара жатса, «Ешкім сені іздемей кетті. Өзіңнің бар екенін білдіріп, елмен хабарласып тұр» деп қамшылап тұрады», – дейді әнші.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.