Танымал продюсер Баян Мақсатқызы KeshYou тобымен бірге ән жазуға келіспеген қазақстандық “Ирина Қайратовна” тобының жігіттеріне ескерту жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Продюсер әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, үмітін үзбейтінін жазған.
“Ирина Каратовнаға бізбен фит айтуға өтініш айтып тұрған сәт. Олар бір рет бас тартқан. Бірақ мен үмітімді үзбеймін, талантты адамдармен жұмыс істеу оңай болмаған, ал олармен келісімге келу одан да қиын… Ирина Кайратовна, ұялсаңдаршы! Снуп Дог бір жыл ойланды, сосын оған қатты ұнап қалды. Барлық қыздардан құралған топ мұны басынан өткізді, біз төзімдіміз, қырсықпыз, сұлумыз, таланттымыз және үнемі бір толқындамыз! Үш күннен кейін хабарласамын”, – деп жазды Баян Мақсатқызы.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.