Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Жәния Бекмұхамбетова Хорватияның Вараждин қаласында өткен WTT Youth Contender сериясындағы турнирде күміс медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Спортшы U13 жас санатында екінші орынға ие болды.
Ол турнир барысында Жания Эма Калужаны (Словения) – 3:0, Зита Петровичті (Хорватия) – 3:0, Сара Серпаны (Румыния) – 3:0, Стелла Пресецкиді (Хорватия) – 3:0, Линь Цзяцзюньді (Сингапур) – 3:0, Изабела Пастинаны (Румыния) – 3:0 есебімен жеңді.
ҚР ҰОК мәліметінше, финалда қазақстандық спортшы Лизетт Фазекашқа (Хорватия) 1:3 есебімен есе жіберіп, жарысты екінші орынмен аяқтады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.