in

Жүйелі жұмыстар жан жадыратады

Сапары аясында аймақ басшысы ауыл шаруашылығының даму барысымен танысып, бірқатар шаруашылықты аралады. Сондай-ақ туристік және энергетикалық инфрақұрылым нысандарын тексерді.

Аймақ басшысы әуелі Меркі ауданының аг­рар­лық секторындағы ағымдағы көр­сет­кіш­терімен танысты. 2025 жылдың бірінші жар­ты­сының қорытындысы бойынша ауыл шаруа­шы­лығы өнімінің жалпы көлемі 7,2 млрд теңгені құ­раған. Жалпы, егіс алқабы 103,5 мың гектарға же­тіп, оның ішінде 7,53 мың гектар алқапта су үнем­деу технологиялары енгізілген. Жар­ты­жылдықта агроөнеркәсіптік кешенге 1,94 млрд тең­ге инвестиция тартылған. 

Қазір аудан шаруашылықтарында 1171 дана ауыл шаруашылығы техникасы бар екен. Жыл соңына дейін техниканың 5,5%-ын жаңарту жос­парланып отырған көрінеді.

Ауданның ауыл шаруашылығы саласындағы ахуал­мен танысу барысында облыс әкімі «Сы­патай батыр» шаруа қожалығына барды. Мұнда 2016 жылдан бері элиталық және репродукциялық тұқымдар өсіріледі. Бұл – облыстағы жалғыз эли­талық тұқым шаруашылығы мәртебесіне ие кәсіпорын. Қожалықта 150 адам жұмыс істейді. 2025 жылы мұнда 246 гектар жерге «Арна» сұ­рып­ты жаздық арпа, 643 гектарға «Стек­лови­д­ный-24» сұрыпты күздік бидай себілген.

Облыс әкімі мұндай шаруашылықтардың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өнім­ділікті арттыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Сонымен қатар тиісті сала мекемелеріне қа­жетті қолдау көрсетуді тапсырды.

Сұрат ауылдық округінде облыс әкімі «Қай­сар» шаруа қожалығы жүзеге асырып жатқан 450 бас малға арналған сүт-тауарлы ферманың құры­лыс барысын тексерді. Жобаның құны – 2,5 млрд теңге. Өндірістік қуаттылығы тәулігіне 12 000 литр сүт өндіруге жетеді. Құрылыс кезеңінде 70 адам еңбекпен қамтылса, іске қосылған соң 30 тұрақты жұмыс орны ашылмақ. Нысанды осы жылдың күзіне дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Ал «Береке Дас» шаруа қожалығы жеміс ағаш­тарының элиталық көшеттерін өсіруге ма­манданған. 35 гектар аумаққа жоғары өнімді ал­ма ағаштарының сұрыптары отырғызылған. Жос­парлы жұмыстың нәтижесінде 2024 жылы 300 тонна өнім жиналған.

Сонымен қатар өңір басшысы Royal Petrol брен­­дінің Ақтоған және Жамбыл ауылдық ок­руг­терінде іске асырып жатқан екі жанармай құю бе­кетінің құрылысымен танысты. Жобаның жал­пы құны 1,7 млрд теңгені құрайды. Инвес­ти­­­­циялық жоба аясында жол бойындағы қызмет көр­сету нысандарын – қонақүй, кафе және жай­лы инфрақұрылым салу көзделген. Құры­лыс­ты биылғы жылдың соңына дейін аяқтау жос­парланған.

Ербол Қарашөкеев сондай-ақ туристік де­малыс аймағының құрылыс алаңына барды. Құ­ны 800 млн теңге болатын жоба жеке ин­вес­тор­дың қаржысы есебінен жүзеге асырылуда. Мұн­да қосымша форель шаруашылығын, глэм­пинг аумағын құру көзделген. Құрылыс кезеңінде 15 адам жұмыспен қамтылса, жоба іске қосылған соң 7 азамат тұрақты жұмысқа орналаспақ.

Өңір басшысы ауылдық жерлерде туризмді да­мыту – экологиялық өндіріс пен этномәдени ерек­шеліктерді біріктіре алатын перспективалы ба­ғыт екенін атап өтті. Сондай-ақ демалыс ор­нына апаратын жол инфрақұры­лымын жақ­сар­туды тапсырды.

Келесі кезекте Ербол Қарашөкеев қуат­ты­лы­ғы 18 МВт болатын су электр стансасының құ­ры­лыс барысымен танысты. Ауқымды жобаны «Тараз Гринпауэр Дженко» ЖШС жүзеге асы­руда. Инвестиция көлемі – 14,8 млрд теңге. Об­лыс әкімі құрылыс жұмыстарының сапасы мен мерзімінің сақталуына ерекше назар ауда­рып, жобаға қажетті қолдау көрсетілетінін жет­кізді.

Жұмыс сапары қорытындысы бойынша об­лыс әкімі шаруа қожалықтарын қолдау ша­ра­ла­рын белсенді жалғастыруды, құрылыс жұ­мыс­та­рын уақытылы аяқтауды, инвестиция тарту бойын­ша жұмысты күшейтуді тапсырды.

Облыс әкімінің іссапары әрі қарай Шу ауда­нын­да жалғасты. Аймақ басшысы әуелі аудан тұр­ғын­дарымен кездесіп, мәселелеріне құлақ түр­ді. Облыс әкімі аймақтың әлеуметтік-эко­номикалық даму көрсеткіштеріне қысқаша тоқ­талып, алдағы мақсат-міндеттерді нақтылады. Ер­бол Қарашөкеев Шу ауданы өңірдегі әлеу­меттік-экономикалық әлеуеті жоғары аудан­дардың бірі екенін, бұл аудан инвестиция тарту­ға, өнеркәсіпті дамытуға қолайлы жағдайларымен ерекшеленетінін атап өтті.

Қазір Шу ауданындағы Jibek joly арнайы экономикалық аймағында жұмыстар қарқын алған. Онда құны 791,0 млрд теңгені құрайтын 21 жоба жүзеге асып жатыр. Оның ішінде 4 кіші жоба іске қосылса, 5 жобаның құрылыстары жүргізілуде. Қалған 12 жоба бойынша жобалау жұмыстары әзірлену сатысында.

Сонымен қатар ауданда ауылдық елді ме­кендердің экономикалық өсіміне оң серпін беріп отырған «Ауыл аманаты» жобасы табысты жүзеге асуда. Жобаның 5 ауылдық округте 5 бағытын іске асыруға 4,5 млрд теңге қаржы бөлініп, оған 758 аула қамтылған.

Бұдан бөлек, қайтарылған жерлер есебінен жә­не босалқы жер қорынан 7 елді мекенге жал­пы көлемі 26 мың гектарды құрайтын маусымдық жайылымдық жер телімдері қосылып берілген.

Жиында Ербол Қарашөкеев жауаптыларға мемлекеттік қолдаудың қарапайым шаруа­ларға, тұрғындарға жетуі қажетін баса айтты. Сонымен қатар аудан әкімдігіне кәсіп­кер­лік саласын дамыту, инвесторларға қолайлы жағ­дай жасау міндетін қойды.

– Жергілікті жерде ірі кәсіпорындардың құ­рылуы халықтың тұрақты жұмыспен қам­тылуы­на, аймақтың экономикалық дамуына серпіліс бе­рері сөзсіз. Маңызды мәселе – инвесторлардың қы­зығушылығын арттыру, ауданның барлық мүм­кіндігін көрсете отырып, оларға заңға сәйкес қол­­дау көрсету. Сондықтан халықты тұрақты жұ­­мыспен қамтитын кәсіпорындардың құры­л­уы­н басты назарға алу маңызды, – деді облыс әкімі.

Жиында аудан әкімі мен орынбасарлары ат­қарылған жұмыстар бойынша есеп берді. Со­нымен қатар тұрғындар облыс басшысына өз­дерін толғандырған сауалдарын қойып, ұсы­ныстарымен бөлісті.

Қазір тұрғындар жиі көтеретін өзекті мә­селелердің қатарында «Шу-Қайнар» автожолын­да­ғы аяқталмаған құрылыс жұмыстары, тұр­мыс­тық қалдықтар мәселесі, жол мен жарықтың жайы, жайылымдық жер тапшылығы және әлеу­меттік салаға қатысты түйткілдер бар.

– Мен Шу ауданындағы әлі күнге дейін ше­шімін күткен мәселелермен таныспын. Тұр­ғындар тарапынан әлеуметтік желіде көптеген өті­ніш түседі, – деген аймақ басшысы жауапты­лар­ға көтерілген мәселелер бойынша шешім қа­былдап, жұмыстарды жандандыруды тап­сырды.

Жиын соңында облыс әкімі егін, мал шар­уа­лығында жаңа әрі озық технологияларды енгізу жұ­мыстарын жандандыруды, «Ауыл аманаты» жо­басының бесінші бағытына басымдық беріп, кә­сіп ашу шараларын аудан тұрғындарына кеңі­нен насихаттауды, жас мамандарға, жастарға әлеу­меттік қолдау көрсетуді, азық-түлік қауіп­сіз­дігін және жанар-жағар май, сұйытылған газ тап­шылығын болдырмау мақсатында кәсіп­кер­лермен жүйелі жұмыс жүргізіп, бақылауға алуды тап­сырды.

Ербол Шырақпайұлы Шу ауданына жұмыс са­пары барысында Белбасар ауылындағы 100 орын­дық мәдениет үйінің ашылуына қатысты.

– Шу ауданы – таланттар бесігі. Бұл қасиетті өңір­ден мәдениет саласына елеулі үлес қосқан дарынды тұлғалар дүниеге келген. Олардың өмір жолы өскелең ұрпақты тәрбиелеуде ерекше маңызға ие. Шығармашылық мұрасы жас ұр­паққа үлгі болып, ұлттық мәдениеттің дамуына айтарлықтай ықпал етуде, – деді облыс әкімі. 

Жаңа клубтың құрылысы «Ауыл – ел бесігі» бағ­дарламасы аясында жүзеге асы­ры­лып, оны «Ник Тараз» ЖШС жүргізген. Жо­ба құны – 373 млн теңге. Нысанда 13 қыз­меткер жұмыс істейді. Мұнда ән, би, мәнерлеп оқу үйірмелері жұмыс істейді.

– Біздің ауылда осы уақытқа дейін мәдениет үйі болмаған еді. Міне, қазір заман талабына сай ке­ремет нысан бой көтеріп, ауыл тұрғындары мен жастар бос уақытын тиімді пайдаланып, мә­дени-танымдық іс-шараларға белсене қа­ты­сатын болды, – деді ауыл ақсақалы Естай Күнчашов.

Ал Шу қаласында Ербол Қарашөкеев «Жеңіс» саябағының күрделі жөндеу жұмыс­тарының барысын тексерді. Жаңғырту жұмыс­тары маусым айында басталған. Жоба аясында сах­на, ойын және спорт алаңдарын салу, жарық­тандыру, көгалдандыру мен абаттандыру жұмыс­тары көзделген. Аймақ басшысы жұмыстардың са­пасы мен мерзімін бақылауда ұстауды тап­сырды.

Жұмыс сапарының аясында ат басын бұрған келесі нысан күніне 2 мыңнан астам жолаушыға қызмет көрсететін Шу теміржол вокзалы болды. Қазір вокзал ғимараты күрделі жөндеуден өтуде. Сонымен қатар іргелес аумақты абаттандыруға арналған жеке жоба дайындалған.

Облыс әкімі құрылыс мерзімінің қатаң сақ­талуын және орындалатын жұмыстардың сапа­сы­на ерекше көңіл бөлу керегін ескертті. Инф­рақұрылымды жаңғырту азаматтардың қо­лай­лылығы мен өңірдің транзиттік әлеуетін дамыту үшін аса маңызды екенін де атап өтті.

Сонымен қатар аймақ басшысы әлеуметтік желіде тұрғындар тарапынан түскен өті­ніштерді зерделеу үшін қант зауыты маңындағы шағын аллеяға барды. Аталған аумақты аралаған Ербол Қарашөкеев саябақтың қазіргі жағдайы көңіл көншітпейтінін айтып, аудан басшылығына қысқа мерзім ішінде нақты абаттандыру жоба­сын дайындап, жөндеу жұмыстарын бастауды тап­сырды.

Сапары барысында аймақ басшысы Qyzylsha Zher ЖШС-на да барды. Шаруашылықта 3 277 гек­тарға қант қызылшасы, арпа, пияз және соя өсі­ріледі. Мұнда 50 адам жұмыс істейді, 150-ден ас­там ауыл шаруашылығы техникасы бар. Су үнем­деу технологиялары белсенді түрде енгі­зілу­де. Облыс әкімі ауданда ірі жүгері өңдейтін зауыт са­лынып жатқанына назар аударып, дәнді да­қыл­дың осы түріне басымдық берудің маңыз­ды­лығын жеткізді.

Жұмыс сапарының соңында аймақ басшысы Jibek joly арнайы экономикалық аймағында са­лынып жатқан жүгеріні терең өңдейтін зауыт­тың құрылыс алаңында болды. Мұндайғы жұмыстар 2025 жылдың сәуір айында басталған.

Жоба биоферментация саласындағы әлемдік көш­басшы Fufeng Group компаниясы тарапынан жү­зеге асырылуда. Бұл кәсіпорын Орталық Азия­дағы ең ірі зауыттардың біріне айналмақ. Жоспарланған қуаттылығы – жылына 500 мың­нан 1 миллион тоннаға дейін жүгері өңдеу. Кейін бұл көрсеткішті 3 миллион тоннаға дейін ұлғайту көзделіп отыр.

Ербол Қарашөкеев зауыттың іске қосылуы ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуді дамыту, өңірдің экспорттық әлеуетін кеңейту жә­не заманауи агротехнологияларды енгізу жо­лындағы маңызды қадам болатынын атап өтті.

Бүгінде Jibek joly арнайы экономикалық ай­мағында жалпы құны 791 миллиард тең­гені құрай­тын 21 жоба тіркелген. Барлық қатысу­шыға жер телімдері бөлінген. 2026-2030 жылдары жобалар толық қуатында іске қосылғаннан кейін 5 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады. Аудан­ның инвестициялық тартымдылығын арт­тыру және инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында АЭА аумағын кеңейту жұмыс­тары жүргізілуде. Жыл соңына дейін аймақ 2 800 гектарға ұлғайтылмақ.

Саятхан САТЫЛҒАН,

Жамбыл облысы