in

Жол ақысын төлей алмаған жасөспірімдерді автобустан түсіруге тыйым салынады

Елімізде енді ата-анасыз жүрген балалар автобуста жол ақысын төлемесе де, жүргізуші одн түсіріп жібере алмайды, деп хабарлайды Аikyn.kz сайты.

Көлік министрлігі жыл басынан бері талқыланып келе жатқан заң өз күшіне енгенін мәлімдеді. Жанында ата-анасы жоқ 16 жасқа дейінгі жасөспірім жол ақысын төлей алмаса да, оны қоғамдық көліктен түсіріп тастауға тыйым салынады. 

Жүргізуші міндетті түрде полицияға немесе қамқоршылық қорғаншылық органдарына хабарласуы тиіс. Олар баланың отбасылық жағдайын тексереді.