in

Жаһандық мұнай нарығындағы ынтымақтастық жалғасады

Кездесу барысында министр Қазақстанның тарихи ОПЕК+ келісіміне оң көзқарасын жеткізіп, жаһандық мұнай нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

Тараптар ынтымақтастық нәтижелері мен «8 ел» кездесуі аясында қол жеткізілген уағдаластықтарды жоғары бағалады.

Қазақстан ОПЕК және келісімге қатысушы мемлекеттермен одан әрі тығыз ынтымақтастыққа дайын екенін білдіріп, өндірушілердің, тұтынушылардың және жаһандық экономиканың мүддесі үшін әлемдік нарықтағы тұрақтылықты нығайтуға ынталы екенін жеткізді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.