in

Жапонияға қарсы ұрысқа қатысқан Михаил Головатюк

Ұлы Отан соғысының ардагері Михаил Головатюк соғыста көрсеткен көзсіз батылдығы үшін  ІІ дәрежелі «Отан соғысы» ордені, “Жапонияны жеңгені үшін” медалі және Ленин орденімен марапатталған.

Өзінің туған жері – Иркутск облысы, Усть-Ордынский Бурят-Моңғол  ұлттық округі, Алар ауданы, Құтылық  ауылының тумасы. 15 қазанның 1927 жылы дүниеге келген ол 1943 жылы еңбек армиясына, Иркутск-Байкал темір жолының құрылысына шақырылады.

1944 жылдың желтоқсанында белсенді Қызыл армияға шақырылып, 579-атқыштар полкінің құрамында автоматшы ретінде Жапонияға қарсы ұрыстарға қатысты. 1952-1977 жылдары Өскемен қорғасын-мырыш комбинатында жүргізуші, балқытушы-тазартқыш  болып жұмыс істеп, Өскемен қаласына көшіп келеді.