in

«Жалғыздық сезіледі»: Мақпал Исабекова ажырасқаннан кейінгі өмірі туралы айтты

Әнші Мақпал Исабекова әлеуметтік желілерде ажырасқаннан кейінгі өмір туралы айтты, – деп жазды  Aikyn.kz.

Өнер иесі отбасы болған кезде көбіне жауапкершілікті өз мойнына алғанын жасырмады. Сонымен қатар қазір өзін қалай сезінетінін айтты.

«Маған моральдық тұрғыдан қиын емес. Өйткені мұны менен басқа ешкім істемейтінін білемін. Маған көмек қолын созатын адамнан үмітімді үзгенмін. Некеде болғанда жаныңда арқа сүйейтін ер адам болу керек. Бірақ қолдау болмаса, өзіңде жалғыздық сезіледі. Көбінесе неке – иллюзия. Өкінішке қарай, біз өзімізді қолдап, ақтап аламыз. Егер некеде барлық жауапкершілікті мойнына алған жалғыз ересек адам болсаңыз, бұл үшін ешқандай ақтау жоқ. Сондықтан бір нәрсені өзгерту қажет», – деді әнші. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.