Түркияда Smart Trade Coin Go деп аталатын жалған криптовалюта платформасы арқылы 387 адамнан 14,9 миллион доллар жымқырған қылмыстық топқа қатысты тергеу аяқталды, – деп хабарлайды Аikyn.kz.
TRThaber мәліметінше, Анкара прокуратурасы 53 күдіктіге айып тағып, олардың кейбіріне 7 748 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын сұрап отыр.
Тергеушілердің айтуынша, алаяқтар пирамидалық жүйе құрып, жоғары табыс уәде етіп, нақты өнімсіз инвестиция тартқан. Түркияның Қаржылық қылмыстарды зерттеу басқармасы күдіктілердің банктік шоттарында заңсыз жолмен түскен миллиондаған қаражат қозғалысы анықталған.
Топ жетекшілеріне “алаяқтық” және “қылмыстық ұйым құру” баптары бойынша ауыр жаза ұсынылса, қалған күдіктілерге 144 жылға дейін түрме жазасы талап етілуде. Іс сотқа жолданды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз