Продюсер, актриса әрі елдегі ең көп талқыланатын медиатұлғалардың бірі саналатын Баян Алагөзова Қазақстанның ең көрікті әйгілі әйелдері рейтингінде бірінші орынға шықты.
Бұл тізім ZimaBlue зерттеу агенттігі жүргізген социологиялық сауалнама нәтижесінде жасалған.
Баян Алагөзова бұл жаңалықты ең бірінші болып Instagram парақшасында бөлісті. Ол стористе сауалнама нәтижесінің скриншотын жариялап, өзіне дауыс берген барлық жанкүйерлеріне алғысын білдірді.