Төтенше жағдайлар министрлігінің Астанадағы өрт қауіпсіздігі мәселелеріне арналған брифингінде Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Қанат Доспаев Жітіқарадағы өртте бес баласы қаза тапқан отбасы төтенше жағдайлар органдарының есебінде тұрғанын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Өрттен бес бала қаза болған Жітіқарадағы үйге қайғылы оқиғадан сәл бұрын облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері барған. Сонымен қатар инспекторлар биыл екі рет – наурыз және қыркүйек айларында профилактикалық әңгімелесу жүргізген.
Отбасының төтенше жағдайлар органдарының есебінде тұрғаны туралы Астанада 15 қазанда Төтенше жағдайлар министрлігінде өрт қауіпсіздігі бойынша өткен брифингінде айтылды.
Спикердің айтуынша, барлығы 100 мыңнан астам қазақстандық отбасы төтенше жағдайлар органдарының ерекше бақылауында. Мамандар халықтың әлеуметтік осал топтарының үйлеріне түтін детекторларын тегін орнатады. Бұл жабдық сирена дыбысымен өрт басталғанын ескертуі керек. Бірақ қандай да бір себептермен оны кейбір адамдар сындырып тастайды.
“Негізінен мұндай белгі беретін жабдықты кейбір отбасы сындырып тастайды. Жалпы, көпбалалы отбасылар мен қарт адамдар тұратын үйлерде белгілер орнатылады”, – дейді ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Қанат Доспаев.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Тelegram арнасынан таба аласыз.