Ертуған Зейнуллинов Eindhoven Cup турнирін сәтті бастады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
65 келіде сынға түскен боксшы бүгін Хилал Салехті (Швеция) 5:0 есебімен жеңді.
Айта кетейік, бұған дейін Абылайхан Жүсіпов (70 келі) Eindhoven Cup турнирінің алғашқы айналымында Александр Трофимді (Литва) 5:0 есебімен жеңді.
Сонымен қатар тағы бір боксшымыз Сабыржан Аққалықов (75 келі) Eindhoven Cup жарысындағы бірінші жекпе жегінде Уэлс боксшысы Орландо Холлей-Сатомиден 5:0 есебімен басым түсті.
Қазақстан Бокс федерациясы жекпе-жектің видеосын жариялады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.