Қазақстандық әнші Raim әлеуметтік желідегі парақшасында мотоциклдермен түсірілген бейнеролик жариялады.
Кадрларда таулы жолмен екі мотоциклдің келе жатқанын көруге болады. Біріншісінде – Ерке Есмаханның ұлы Мүслім отыр. Ал артқы байкердің жүзі анық көрінбесе де, көпшілік оны Raim деп болжады. Видео соңында арттағы жүргізуші тасқа соғылып, құлап қалады. Роликтің астына тек “29.08” деген дата ғана жазылған.
Желі қолданушылары бұл видеоны қызу талқылап, әртүрлі жорамал жасады. Бірі мұны Raim-ның жаңа клипінің жарнамасы деп түсінсе, енді біреулер әншінің әкелік қамқорлығын жоғары бағалады. “Өз баласын тәрбиелемейтін ерлер Раймнан үлгі алса болады”, – деген пікірлер де жазылды.