in

«Достарым үшін әйелімді жерден алып, жерге салдым»: Қайрат Әділгерей өмірдегі өкінішін жеткізді

Әзілкеш Қайрат Әділгерей журналист Әйгерім Сейфоллаға берген сұхбатында достары жайлы естелігін бөлісті, – деп жазды Aikyn.kz.

Өткен күнді еске алған ол бүгінде достарының қатары сирегенін атап өтті.

«Достарымның қалай келіп, қалай кетіп қалғанын да білмедім. Не үшін мен соған уақыт бөлдім? Не үшін мен сонымен жүрдім? Ол менің өміріме келіп, уақытымды жеп кетті. Мен сол үшін отбасыммен қырылдым. Сол үшін әйелімді жерден алып, жерге салдым. Мен еркектік амбициямен «Менің досым келіп тұр, мен сонымен уақытымды өткізбейін бе?» деп ұрысқанмын. Бірақ қарап тұрсам, өмірімде неше түрлі адам кіріп-шығып жүре беріпті. Соларға кеткен уақытты ойлап, ішім ашиды», – деді Қайрат Әділгерей.

          Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от Жетінші арна | 7 канал (@tv7_kz)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM   арнасынан табасыз.