in

Дженнифер Лопестің Алматыдағы концертінде қазақ әншілерден кім өнер көрсететіні белгілі болды

Әнші Sadraddin әлемдік поп-музыка жұлдызы Дженнифер Лопестің Алматыдағы концерті алдында өнер көрсетеді, – деп жазды Aikyn.kz. 

Бұл туралы іс-шараны ұйымдастырушы First Media Group хабарлады.

Концерт 10 тамыз күні өтеді. Алматының Орталық стадионында өтетін концертте Sadraddin pre-show форматында өнер көрсетеді. 

Ұйымдастырушылар көрерменге концертке ертерек келуді ескертті. Орталық стадион сағат 15:00-ден бастап ашылады.

Бұған дейін Дженнифер Лопестің Астанада өткен концертіне “Формат” тобының солисі Қайрат Баекенов қатысқан еді. Қайрат Баекенов мұндай ұсыныс концерттің Қазақстандағы ұйымдастырушыларынан емес, тікелей Дженнифер Лопестің командасынан түскенін айтты. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.