in

Депутат миллиардтаған теңге бөлінетін кейбір бағдарламалардың қоғамға берер пайдасына күмәнданды

Бюджет тиімділігі – өзекті мәселе. Бүгінде бюджет қар­жысы қаншалық тиімді жұмсалып жатыр? Осы сұраққа Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Ұласбек Сәдібеков жауап берді.

Өкініш­ке қарай, тиімділік мәселесі – қазіргі ең әлсіз тұсымыз. Биыл бюджетпен бірге ұсынылған қо­сымша құжаттар мен даму жос­парларының сапасы көңіл көншітпеді. Көп жағдайда мақ­сат­тар мен нақты шығындар ара­сында байланыс жоқ, нәти­жені өлшейтін көрсеткіштер де анық емес. Былайша айтқанда, кейде министрліктер қағаз жү­зінде бәрін «жоспарлап» қояды, бірақ оның нақты әсері қандай болады – соны бағалай алмай­мыз. Мә­селен, бір бағдар­ламаға мил­лиард­тар бөлінеді, ал кейін ол қо­ғамға қандай пайда әкелді де­ген сұраққа нақты жауап жоқ.

Парламентке алғаш рет ұсы­ныл­ған мемлекеттік активтер мен квазимемлекеттік секторды басқару жөніндегі Ұлттық есеп осының дәлелі. Онда активтерді пайдалану тиімсіз, артық міндет­темелер көп, ал мемлекет қатыс­қан компаниялардың табыс­тылығы төмен деп жазылған. Мемлекеттік компаниялардан тү­сетін дивиденд те екі есе азай­ды. Бұл – бюджеттің кіріс әле­уетін төмендетіп отыр. Сон­дық­тан қазір квазимемлекеттік сек­­­тор саясатын түбегейлі қайта қа­­­рау мәселесі күн тәртібінде тұр.

Меніңше, бұл жерде басты мәселе – бақылау мен жауапкер­шіліктің жеткіліксіздігі. Біз енді әр теңгенің қайда кеткенін ғана емес, оның не үшін кеткенін де сұрайтын кезеңге келдік. Бұл мәдениет қалыптасса, бюджет тиімділігі де артады.

Сұхбаттың толық мәтінін мына сілтемеге өтіп оқи аласыз.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз