Продюсер Гүлзира Айдарбекова енді ұлы, әнші Қайрат Нұртастың продюсері емес екенін айтты, – деп жазды Aikyn.kz.
Гүлзира Айдарбекова тізгінді әншінің өз қолына беретін уақыт келгенін жеткізді.
«Осы уақытқа дейін жүгіріп келдім. Енді ат тізгінін өз қолына беретін уақыт жетті. Жас емес. Ары қарай өзі алып кетер. Өзінен кейін шәкірттер тәрбиелесе де өзі біледі. «Осыларды қайтсем өсіремін, қайтсем дамытамын?» деп қанша жыл жүгірдім, уақытымды тек отбасыма арнадым. Енді өзіме уақыт бөлгім келеді», – деді продюсер Revue News-ке берген сұхбатында.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.