in

Грузияда наразылар президенттік сарайға басып кіруге тырысты

Тбилисиде үкіметке қарсы жаппай наразылық шеруі өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz 

BBC дерегінше, демонстранттар президенттік сарайға басып кіруге әрекет жасағаннан кейін, полиция оларға қарсы су зеңбіректері мен көз ашытатын газ қолданды.

Наразылыққа оппозициялық партиялар бастамашы болды. Олар «Грузин арманы» партиясын өткен жылғы парламент сайлауын бұрмалады деп айыптап, елдегі демократия мен ЕО-мен қатынастардың тоқтауына алаңдаушылық білдірді.

Митинг кезінде танымал опер әншісі Паата Бурчуладзе ІІМ қызметкерлерін халықтың үніне құлақ асып, «Грузин арманы» партиясының алты жетекшісін қамауға алуға шақырды.

Бұл акциялар билік тарапынан оппозицияға, тәуелсіз БАҚ пен белсенділерге жасалған қысым аясында өтіп жатыр. Көптеген оппозиция өкілдері қазіргі уақытта түрмеде отыр.