in

Гвардиола «Манчестер Ситиден» не үшін кететінін айтты

«Манчестер Ситидің» бас бапкері Хосеп Гвардиола жоғары деңгейде титулдар үшін күресуге қажетті энергиясы азайғанын айтты. Бұл туралы BBC Sport хабарлады.

«Клопп өзі туралы айтқандай, мен де күшімнің таусылып бара жатқанын сездім бе? Иә, толық сездім. Менде күш болды, қазір де бар, бірақ әрі қарай ол болмайды. Күн сайын, әр үш күн сайын титул үшін күресу, ойыншылардың алдында тұру үшін қажет энергия менде болмайтынын сезіп тұрмын», — деді Гвардиола.

22 мамырда испаниялық маманның клубтағы он жылдық жұмысынан кейін «Манчестер Ситиден» кететіні белгілі болды. Дегенмен ол City Football Group құрылымымен ынтымақтастығын жалғастырып, жаһандық елші қызметін атқарады.

Гвардиола «Манчестер Ситиді» 2016 жылы қабылдаған. Оның жетекшілігімен команда өз тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасын жеңіп алды, сондай-ақ бірнеше рет Англия чемпионы атанды.

Чемпионаттың қорытынды турында «Арсенал» «Кристал Пэласпен», ал «Манчестер Сити» «Астон Вилламен» кездеседі.