Актриса Айгүл Иманбаева әлеуметтік желіде отбасындағы қуаныш туралы айтты, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі ұлының үйленгеніне және немересінің бір жасқа толуына орай той жасаған. Тойға бұрынғы күйеуі, актер Сәбит Әбдіхалықов та келген.
«Асылжан мен Жансаяның және немереміз Айсұлудың бір жасқа толған тойы құтты болсын», – деді Сәбит Әбдіхалықов.
Айгүл Иманбаева немересінің тұсауын кім кескенін айтты.
«Бүгін менің немерем Айсұлуымның тұсауы кесілді. Бұл жауапты сәтті кімге ұсынсақ деп мың ойланып, мың толғандық. Қазақтың маңдайына біткен өнердегі аға, апаларымның бірі кессе де болатын еді. Бірақ біздің таңдау алты баланың анасы, журналист, менің соңымнан ерген туған сіңлімдей жақын тартатын құрбым, жекжатым, Ерекемнің жан жары Жадырама түсті. Асылжаным мен Жансаям да “Жадыра апайдың жолын берсін” деп, пікірімді қолдай кетті. Жадыраның 2003-2005 жылдар аралығында “Қазақ радиосы” эфирінде “Аты жоқ көкек” атты авторлық хабары болды. Соған “Ұят болмасын” арқылы көрерменнің көзайымы боп жүрген кезімде шақырып, сұхбат берген едім. Осы уақытқа дейін қаншама журналист менен сұхбат алды ғой. Солардың ішіндегі өрімдей жап-жас Жадырамның сұхбаты менің әлі күнге дейін есімде. Ең бір салмақты, жан дүниеммен ашылған әңгімеміз еді. Кәсіби журналист ретінде біліктілігіне тәнтімін. Алла Тағала Жадырамның жолын ботақаным, немерем Айсұлуыма бұйырсын деген тілегім бар», – деді Айгүл Иманбаева.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от 𝐀𝐈𝐆𝐔𝐋 𝐈𝐌𝐀𝐍𝐁𝐀𝐘𝐄𝐕𝐀 (@aigul_imanbayeva)
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.