in

Бір күнде төрт өңірде орман өртенді

9 шілде, кешегі күнде Қазақстанның мемлекеттік орман қоры аумағында төрт орман өрті тіркелді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Өрт оқиғалары Павлодар облысында, Наурызым мемлекеттік табиғи қорығында, “Баянауыл” мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде және “Семей орманы” мемлекеттік орман табиғи резерватында болған.

Өрт ошақтары “Қазавиаорманқорғау” РМК-ның әуе патрульдеуі, ерте анықтау жүйелері және мемлекеттік орман күзетінің бақылауы арқылы дер кезінде анықтаған. 

– Жедел қабылданған шаралардың нәтижесінде барлық өрт қысқа мерзім ішінде толықтай сөндірілді. Өртті ауыздықтауға мемлекеттік орман күзеті қызметкерлері, “Қазавиаорманқорғау” РМК-ның әуе өрт сөндіру десанттары, тікұшақтары мен арнайы техникасы жұмылдырылды, – делінген ведомствоныңхабарламасында.