Көшеде жүрген ер адам қарияның телефон арқылы белгісіз біреулерге ақша жібермек болғанын байқап қалған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Күдіктенген ол дереу полицияға хабар берген. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкері Ұлықбек Жұмағұлов телефонның ар жағындағы алаяқтармен сөйлесіп, олардың әрекетін тоқтатты.
Осылайша, қала тұрғынының қырағылығы мен полицияның жедел әрекетінің арқасында телефон алаяқтарына тосқауыл қойылып, қарияға көмек көрсетілді.
Жағдайды толық анықтау үшін қария полиция бөліміне жеткізілді. Ал оқиғаға бейжай қарамаған қала тұрғынына тәртіп сақшылары қырағылығы үшін алғыс білдірді.
«Сақшылар мұндай жағдайда әңгімені дереу тоқтатып, полицияға хабарласу қажеттігін еске салды. Қырағылық пен уақытылы әрекет ету – алаяқтардан қорғанудың басты жолы», – делінген полиция хабарламасында.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.