in

«Барға разы болған жанның бақыты артады»: Нұрғали Нүсіпжановтың жазбасы оқырманға ой салды

Әнші Нұрғали Нүсіпжанов әлеуметтік желідегі парақшасында жүрекжарды жазба жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.  

Өнер иесі жұбайымен бірге түскен бейнежазба жариялап, өмірдің әрбір сәтіне ризашылық білдіретінін айтқан. Сонымен қатар адам кейде бақытты алыстан іздеп қазіргі сәттің нығметін байқамай қалатынын атап өткен. 

«Бүгінгі күніме шүкір… Арайлап атқан ақ таңды аман-сау қарсы алғаныма, жылы күннің шапағат-шуағына шомып, саф таза ауаны жұтқаныма шүкір, көк аспан мен табиғаттың сан алуан сұлулығын көргеніме, сезінгеніме сансыз шүкір… Пендеміз ғой, бақытты алыстан іздейміз. Бірақ шын мәнінде, бақыт күн сайын кездесетін қарапайым нығметтердің ішінде ғой… Сондықтан әр күнім үшін, әр демім үшін, өмір сыйлаған әр сәт үшін Аллаға тағы да, тағы да Аллаға шексіз шүкір айтамын… Шүкіршілік еткен жүрек, кешірімшіл кең жүрек еш уақытта кедей болмайды. Барға разы болған жанның бақыты да, берекеті де арта береді… Өз басым осы тәмсілге кәміл сенемін», – деді Нұрғали Нүсіпжанов.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.