in

Балалардың жазғы демалысы басталды: ІІМ ата-аналарға үндеу жасады

Ішкі істер министрлігі ж азғы демалыстың басталуына байланысты азаматтарға үндеу жасап, балалар қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлуге шақырды,  – деп хабарлайды   Aikyn.kz  Polisia.kz  сайтына сілтеме жасап.

Демалыс кезінде кәмелетке толмағандар ға қатысты оқиғалар саны едәуір арта ды. Бұл уақытта балалардың қараусыз қалуы, құқыққа қайшы жағдайларға тап болуы, жол-көлік оқиғасына ұшырауы немесе су айдындары мен тұрмыстық жағдайда зардап шегуі жиілейді.

 

«Цифрлық қауіпсіздік мәселесіне байланысты ата-аналарға да арнайы үндеу жасаймыз. Қазіргі таңда балалар уақыттарының басым бөлігін интернетте өткізеді. Сондықтан ата-аналар баласының қандай сайттарға кіретінін, әлеуметтік желіде кімдермен сөйлесетінін, буллингке, психологиялық қысымға немесе қауіпті контенттің ықпалына ұшырап жүрмегенін бақылауы қажет. Балаларды тәрбиелеу жауапкершілігі ата-аналардың мойнында екенін еске саламыз. Педагогтерді де демалыс кезінде отбасылармен байланысты үзбеуге, өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға назар аударуға және алаңдатарлық белгілерге дер кезінде әрекет етуге шақырамыз», – делінген хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.