in

Атақты италиялық бапкер Қазақстан құрамасын жаттықтыруға дайын екенін айтты

Мәскеудің «Спартак» клубының бұрынғы бас бапкері Массимо Каррера Bel.football сайтына берген сұхбатында Қазақстан құрамасын жаттықтыру мүмкіндігі туралы пікір білдірді.

— Фабио Каннаваро қазір Өзбекстан құрамасын жаттықтырады. Егер Беларусь немесе Қазақстан құрамасын басқару туралы ұсыныс түссе, қызығушылық танытар ма едіңіз?

— Мен ондай ұсынысты қабылдар едім. Өйткені ұлттық құраманы жаттықтыру – өте қызықты жұмыс. Маған жаңа сынақтар ұнайды және бұл мен үшін маңызды тәжірибе болар еді.

— Ал Беларусь немесе Қазақстан клубтарынан ұсыныс түссе ше?

— Бұл клубтардың Еуропада өздерін көрсетуге мүмкіндігі көбірек. Мұндай командалар үлкен мотивация береді.

Айта кетейік, Массимо Каррераның соңғы жұмыс орны Италияның «Асколи» клубы болды. Ол команданы 2024 жылы тастап кеткен.