Жедел операция барысында полицейлер күдіктіні көлігінің жанында ұстаған, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Тергеу мәліметінше, жас жігіт интернет арқылы жұмыс істейтін есірткі желісіне қатысы болған. Ол «жасырушы» әрі «қойма» қызметін атқарып, синтетикалық есірткіні қала аумағына жасырып кетумен айналысқан.
Белгілі болғандай, ұсталғанға дейін күдікті үш бірдей жасырын орын дайындап үлгерген. Полицейлер оның көрсетуімен аталған мекенжайларға барып, ұнтақ тәрізді альфа-PVP есірткісі салынған орамаларды тәркілеген. Жеке тінту кезінде одан тағы бірнеше түйіншек табылған.
Кейін тәртіп сақшылары күдіктінің пәтеріне тінту жүргізді. Тергеу дерегіне сәйкес, баспана есірткіні сақтау және бөлшектеп орауға арналған қойма ретінде пайдаланылған. Пәтерден таратуға дайын орамалар мен арнайы құралдар табылды.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция оның заңсыз есірткі айналымына қатысы болуы мүмкін өзге адамдарды анықтап жатыр.