in

Астанада каратэден Kazakhstan Open халықаралық турнирі өтеді

11-13 шілде аралығында Астана қаласындағы Beeline Arena спорт кешенінде WKF каратэден Kazakhstan Open халықаралық турнирі өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл турнир елімізде сегізінші рет ұйымдастырылып отыр. Спортшылар кумитэ және ката бағдарламасында жүлдеге таласады және келесі жас ерекшеліктерін қамтиды:
• жасөспірімдер (12-13 жас);
• юниорлар (14-17 жас);
• жастар (18-20 жас);
• ересектер (18 жастан асқандар).

Ел намысын айтулы додада Астана қаласының 18 спортшысы қорғайды.

Турнирге 6 елден (Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Беларусь, Қазақстан және бейтарап команда құрамында (Ресей Федерациясы) 700-800 спортшы қатысады. Жарыстың ашылу салтанаты 11 шілде, сағат 16:00-де өтеді.

Бұл турнир Қазақстан құрамасы үшін рейтингтік жарыс саналады. Оның қорытындысы бойынша, жастар құрамасы жасақталып, 2025 жылғы қыркүйекте Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін Азия чемпионатына жолдама алады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.