Астанада әлемдік Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің ресми жеребе тарту рәсімі өтіп, спортшылар алғашқы қарсыластарын білді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Салтанатты рәсімге Қазақстан дзюдо федерациясының бас хатшысы Тимур Болат, Федерацияның вице-президенттері Ержан Зайдинов пен Асхат Житкеев қатысты.
Сондай-ақ, іс-шараға Халықаралық дзюдо федерациясының атынан ұйымның спорт директоры Владимир Барта, төрешілік жөніндегі директор Рауль Камачо Перес және білім беру жөніндегі директоры Даниэль Ласкау қатысып, алдағы жарыстың жеребе тарту рәсімін өткізді.
Федерация мәліметінше, 8-10 мамыр әлемнің үздік дзюдошылары Астана татамиінде өзара мықтыны анықтайды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.