in

Анатолий Руденко жасөспірімдер арасында жүзуден Олимпиаданың финалына шықты

Қазақстандық жүзгіш Анатолий Руденко Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасының іріктеу кезеңінде сәтті өнер көрсетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Отандасымыз 100 метрге брасс әдісімен жүзуден ел намысын қорғады.

Іріктеуде ол қашықтықты 1:04.12 уақытта бағындырып, өз тобында үшінші орын алды. Ал финалға сегізінші орынмен шықты.

Айта кетейік, финал бүгін, 3 қарашада өтеді.