in

Алтын Шагаева әйелдер күресінен Венгриядағы турнирде қола медаль үшін күреседі

Венгрияның Будапешт қаласында күрес түрлерінен халықаралық рейтингтік турнир жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бүгін, 17 шілдеде грек-рим және әйелдер күресінен бәсекелер өтті.

Нәтижесінде Алтын Шагаева финалдық кезеңге жолдама алды. Ол қола жүлде үшін өтетін белдесуде норвегиялық Отелия Хёйемен кездеседі.

ҚР ҰОК мәліметінше, Ирина Кузнецова (62 келіге дейін), Қызжібек Жарқынбаева (65 келіге дейін), Дінмұхамед Қошқар, Мейіржан Шермаханбет (67 келіге дейін), Ирина Казюлина (68 келіге дейін) жұбаныш белдесуінде күреседі.

Айта кетейік, финалдық кезең бүгін өтеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.