in

Алматыдан 260 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Ведомство 2024 жылғы 2 қарашада Астана уақытымен сағат 10.50-де жер сілкінісін тіркеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан мен Қытай шекарасында Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 258 шақырым жерде орналасқан.

Алматы облысы Райымбек ауданы Нарынқол және Кеген ауданы Кеген ауылдарында (таулы аймақтар) жер сілкінісі 2 балл болып сезілген.

Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы мәлімет түскен жоқ.