Ауа райының қолайсыздығына байланысты Алматы облысы аумағында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды Аikyn.kz сайты ҚазАвтоЖол-ға сілтеме жасап.
Бүгін таңғы сағат 6:30–да Алматы облысында ауа райының нашарлауына, яғни қалың тұман басып, жолдың көрінбеуіне байланысты төмендегі республикалық маңызы бар автожолдарда көліктің барлық қозғалысына шектеу енгізіліп, жол жабылды:
— «Алматы–Талдықорған–Өскемен–Шемонаиха–РФ шек» автомобиль жолының 25-67-шақырым аралығындағы учаскесі (төлемақы алу пунктінен — Қонаев қаласына дейін);
— «Алматы — Шелек — Қорғас» автомобиль жолының 24-136 шақырым аралығындағы учаскесі (төлемақы алу пунктінен — Шелек ауылына дейін).
Жолды 2025 жылғы 22 желтоқсан сағат 11:00–де ашу жоспарланып отыр.