in

Алатау қаласында ұландықтар тыйым салынған заттарды түрме аумағына өткізуге жол бермеді

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №12 мекемесінің қызметкерлерімен бірлесіп, тыйым салынған заттарды мекеме аумағына өткізу әрекетін тоқтатты, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Сағат 12:30 шамасында “Газель” автокөлігін тексеру кезінде 3660 әскери бөлімінің әскери қызметшілері көлік кабинасының жақтауына мұқият жасырылған заттарды тапқан.

Тексеру нәтижесінде түрлі маркалы 10 ұялы телефон, 42 SIM-карта және төрт USB-флэш-диск тәркіленді. Бұл тексеру тобының әскери қызметшілері мен мекеменің жедел және режимдік бөлімшелері қызметкерлерінің бірлескен жұмысының жемісті нәтижесі.

Аталмыш факт бойынша Алатау аудандық полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақырылды. Материалдар іс жүргізу шешімін қабылдау үшін сотқа жіберілетін болады