Алакөл ауданы Ақши ауылындағы демалыс аймағында екі қабатты демалыс үйі жанып кетті, – деп жазады Aikyn.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігі оқиғаның мән-жайын хабарлады.
“Құтқарушылардың жедел іс-қимылының арқасында өрт алдын ала 280 шаршы метр алаңда сөндірілді”, – делінген хабарламада.
27 адамның эвакуацияланғаны белгілі болды. Зардап шеккендер жоқ.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.